» Жаңалықтар мұрағаты
САЛАНЫҢ ЖҰМЫСЫ ШИРАҚ
Кезiнде Тассай ауылдық округiнде мал шаруашылығы саласының озық тәжiрибесi өзгелерге ұялмай ұсынып, көрсететiн өнеге-тұғын. Өйткенi, мұнда орын тепкен ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiкте осы салада жеткен жетiстiктерге жұрт қызыға қарайтын. Ендi бiраздан берi сол көзден «бұлбұл ұшқан» нәтиже мен жетiстiк бiрте-бiрте төбе көрсете бастады.
Дата 05.12.11
ӘЛЕУМЕТТIК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҚСАРДЫ
Үстiмiздегi жылдың қазан айында негiзгi азық-түлiк тауарларының тұ-тынылуының жан басына шаққандағы ең төменгi күнкөрiс деңгейi ор-таша есеппен өткен жылмен салыстырғанда 13,8 пайызға өстi, не болмаса 14 597 теңгенi құрады.
Дата 05.12.11
Елiмiздiң бiлiм беру мектептерi арасында «Чек талап ет - патриот бол» акциясын өткiзу туралы Байқаудың мақсаты
Биылғы жылғы қарашаның 1-iнен бастап желтоқсанның 1-iне дейiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi үкiметтiк емес ұйымдардың қолдауымен елiмiздiң бiлiм беру мектептерi арасында «Чек талап ет-патриот бол» акциясын өткiзуде.
Аталған акция бiрiншi рет өткiзiлмек және өсiп келе жатқан жеткiншектер арасында салықтық бiлiм мен мәдениеттi көтеруге, патриотизмдi арттыруға, сондай-ақ көлеңкелi экономика көлемiн қысқартуға бағытталған.
Дата 05.12.11
ТАЛПЫНЫСЫ ТАБЫСТЫ, БАЗЫНАСЫ ДА ЖОҚ ЕМЕС
Сайрам ауылдық округiндегi Зиямат Хұсанов атындағы өндiрiстiк кооператив дәл қазiрге дейiн баяғы үрдiсiнен танған емес. Өйткенi, мұнда бәз-баяғыша шаруашылықты жүргiзудiң тиiмдi де ұтымды әдiстерi өзiнiң қалыптасқан дәстүрiне берiк екенiн байқатты. Соның бiр жарқын үлгiсi - мал шаруашылығы саласы жылдан-жылға өркендеп, дамып келедi. Өндiрiстiк кооперативтiң тiзгiнiн Алымжан Құрбанбаев ұстаған кезеңнен берi әсiресе, сүт өнiмдерiн өндiру дұрыс жолға қойылыпты. Сонау 2003-шi жылдан бастап аталмыш саланыє майталмандары малды өз төлi есебiнен көбейтуге жете көңiл бөлген. Қазiр мал фермасында 300 iрi қара бар, оныє 120-сы сауын сиыр. Бұған қоса 28 жылғы шаруашылықтың бiр байлығы болып саналады әрi мiнсе – көлiк, iшсе - қымыз дегендей ұжымның тынысын аша түскендей. Жылқылардың бабын келтiрiп, жараулы күйде ұстау аға жылқышы Әнуар Ахметовке жүктелiптi.
Дата 26.10.11
ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ
Оңтүстiк Қазақстан облыстық сотының тәртiптiк бiлiктiлiк комиссиясы мен судья әдебi комиссиясының мүшелерi 2011 жылғы қазанның 28-iнде сағат 10.00-де Сайрам аудандық сотының ғимаратында тұрғындарды қабылдайды.
Дата 26.10.11
ЖАСТАР ЖАЛЫНЫ
Жасыратын несi бар, жұрттың арасында бiздiң бүгiнгi жастарымыз туралы әртүрлi пiкiрлер қалыптасқан. Әсiресе, олардың қоғамдағы белсендiлiгi төмен немесе патриоттық сезiмдi түсiне бермейдi деген көзқарас басымдау екенi байқалады.
Дата 26.10.11
«ЖАСЫЛ АЙМАҚТАҒЫ» ЖҰМЫС ҚАРҚЫНДЫ
Аудан әкiмдiгiнiң 2011 жылғы наурыздың 11-iндегi N204 «Сайрам ауданының аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнiндегi iс-шараларды өткiзу туралы» қаулысы және бекiтiлген «Жасыл аймақ» құру, көгалдандыру iс-шарасының орындалуы бойынша ауылдық округтер тарапынан бiршама iстер атқарылып, ағымдағы жылдың 9 айында 285 шаршы метр суландыру науалары тазаланып, 73 шаршы метр көше және жол, 15 шаршы метр аяқжолдар, 35 шаршы метр көше жарықтары жөнделiп, 557 күл-қоқыс үйiндiсi шығарылды. Ауданда 2011-2013 жылдар аралығында «Жасыл аймақ» бойынша ағаш көшеттерiн отырғызу тапсырылған болатын. Содан биылға жоспарланған 712 гектарға отырғызылған 320 мың көшет күтiп-бапталуда.
Дата 26.10.11
ОРТАЛЫҚТЫҢ ОРАЛЫМДЫ ІСТЕРІ
Елiмiзде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының толыққанды орындалуын жүзеге асыру бағытында тәп-тәуiр тiрлiктердiң қолға алынып жатқандығы қуантады. Әрине, қиындықтардан да кенде емеспiз. Дегенмен, мақсатты жолда нысаналы жұмыс атқару көбiнесе кедергiлердi жойып, жеңуге болатындығын өмiрдiң өзi дәлелдеп бердi. Бiз осы аталмыш бағдарламаның аудан көлемiнде қалай қолға алынып, нендей мәселелермен шұғылданып жатқандығын және келешек жоспарларының қандай межемен ұштасатындығын бiлу үшiн тиiстi мекемеге ат басын бұрдық.
Дата 26.10.11








